Ақмола облысында полицейлер 1200-ден астам көлікті қарлы бораннан алып шықты

Cурет: polisia.kz
Ақмола облысы аумағында жаңа жылдың алғашқы күндері ауа райы қолайсыз болды. Осының салдарынан жолдарда көп көлік жиналған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысы жергілікті полиция қызметі басқармасы патрульдік полиция батальоны мен ротасының қызметкерлері 4 қаңтар күні сағат 12:00-ден кейін автокөліктердің көптеп жиналуына байланысты төрт бағанмен ілесіп жүру жұмыстарын ұйымдастырды.

Polisia.kz хабарына қарағанда, полицейлер 500-ге жуық жеңіл және 70-ке жуық жүк көлігімен ілесіп жүрді.

"Щучинскіден Астанаға жүріп бара жатқан 170-ке жуық жеңіл және Астанадан Щучинскіге 100 жүк көлігі аман-есен жетті. 270-ке жуық көлік құралының колоннасын Жібек Жолы кентінен Қарағанды облысының Анар станциясына дейін полиция қызметкерлері ілесіп жүрді", - делінген хабарламада.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Анар станциясынан Астанаға дейін 160-қа жуық автокөлікті, оның ішінде 30 жүк көлігімен ілесіп жүрді.

Іс-шараға 93 полиция қызметкері мен 56 патрульдік автокөлік жұмылдырылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео