Мұз ойылып, Жайық өзеніне батып кеткен ер адам осымен үшінші күн іздестіріліп жатыр

Сурет: Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі
2023 жылдың 5 қаңтарында Атырау облысы, Жұмыскер ауылы маңында Жайық өзенінде мұз ойылып, екі адам су астына түсіп кеткен. Олардың бірін құтқару мүмкін болды. Ал екіншісін іздеу әлі де жалғасуда. Бұл туралы Zakon.kz-ға облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі хабарлады.

2023 жылдың 7 қаңтарында Атырау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мұз ойылып, өзенге түсіп кеткен азаматтың денесін іздеу жұмыстарын ары қарай жалғастырды.

Айта кетсек, 2023 жылы 5 қаңтарда сағат 11:14-те  Атырау қаласы Жұмыскер ауылы Жайық өзенінде мұз ойылып, 2 адам суға түсіп кеткен. Атырау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы құтқарушыларының күшімен және Атырау облысы полиция департаментінің Балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, 1974 жылғы К. С. құтқарылып, облыстық ауруханаға жеткізілді.

Ал 1975 жылғы Б. А. деген азаматын су астынан іздеу жұмыстары әлі күнге жалғасуда.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 11 құтқарушысы, техникасы және 1 жүзу құралы жұмылдырылды. Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды