Блогер Тоқберген Әбиев ақша бопсалады деген күдікпен ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Тоқерген Әбиевті кәсіпкерден аса ірі мөлшерде ақша бопсалады деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, "Әбиев өзінің Youtube-арнасында шындыққа сәйкес келмейтін бейнежазбаларды жою үшін кәсіпкерден аса ірі мөлшерде ақша бопсалаған". 

Сондай-ақ 14 желтоқсанда Әбиев 50 миллион теңгемен ұсталып, соттың санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алынғаны жазылды.

"Бұдан басқа, Әбиев мемлекеттік органдар қызметкерлері мен азаматтарды адастыру мақсатында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті" ЖШС жеке заңды тұлғасын тіркегені анықталды. Өзін осы ұйымның басшысымын деп таныстыра отырып, Әбиев кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарынан өзінің жеке мүддесі үшін іс-әрекеттер жасауды, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіпті бұза отырып ақпарат пен материалдар беруді талап етті".Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі


"Әбиевтің қызметі құқық қорғау органдарының жұмысына еш қатысы жоқ. Әбиевтің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы туралы ақпарат тексеріледі" – делінген хабарламада.

Агенттік өкілдері Әбиевтің заңсыз қызметінің барлық осындай фактілері туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 1424 нөмірі бойынша хабарлауға болатынын ескертті.


ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі