Қақаған аяз: Дизель отынымен жүретін көліктердің қозғалысына уақытша тыйым салынбақ

Сурет: pixabay
"ҚазАвтоЖол" ҰК " АҚ жүргізушілер мен жолаушыларға үндеу тастады. Компания синоптиктер болжамына сүйене отырып, осы аптада Қазақстан аумағында қатты аяз жүретіні күтілетінін еске салады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Хабарламада метеорологтар сынап бағаны 30 градусқа дейін төмендеп, қатты аяз болатынын болжайтыны айтылған.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-тың Telegram арнасында келтірілген деректерге сәйкес, ауа температурасының күрт төмендеуі салдарынан автокөліктің отын жүйесінің қатып қалу қаупі жоғары.

"Ұлттық автожол операторы бірқатар облыстардағы республикалық трассаларда дизельді отынмен жүретін рейстік жолаушылар автобустары мен автомобильдердің қозғалысына уақытша шектеулер енгізуді жоспарлап отыр". "ҚазАвтоЖол "ҰК"АҚ

Айта кетсек, алдында синоптиктер Қазақстанда 2023 жылдың 10-12 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын, оған сәйке еліміздің басым бөлігінде қатты аяз сақталады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды