Ұлытау облысында жоғалған екі қойшыны іздеуге тікұшақ жұмылдырылды

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Ұлытау ауданында төтеншеліктер, полицейлер мен жергілікті атқарушы орган өкілдері жоғалған екі қойшыны осымен 8 тәулік іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, 1964 жылғы "Кіші Киік" қыстауының жұмысшысы 2022 жылдың 31 желтоқсанында қыстақтан белгісіз бағытта шығып, содан бері із-түссіз жоқ. Оның жоғалғаны туралы арыз полицияға 2023 жылдың 2 қаңтарында келіп түсті, іздестіру жұмыстары осымен 8 тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, 3 қаңтарда сағат 18:30-да "Тоба" қыстағының иесінен 1978 жылы туған қойшы мал іздеуге шығып, оралмады деген ақпар келіп түсті. Екі адамды іздеу жұмыстары жалғасуда. 


2023 жылдың 9 қаңтарында оларды іздеуге ТЖМ авиациясы жұмылдырылды. Іздестіру жүргізілген бағыт Жезқазған қаласы - "Тоба" қыстағы және "Кіші Киік" қыстағы-Жезқазған қаласы.

Төтенше жағдайлар департаменті қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертіп, төтенше жағдайлардың алдын алу үшін келесі маңызды шараларды есте сақтауды сұрайды: 

- дауылды ескертулерге назар аударыңыз және ауа-райы нашарлаған жағдайда үйде болыңыз;

- азаматтар автомобильдермен жолға шықпас бұрын ауа-райына және дауылды ескертулерге назар аударуы керек;

- жазғы доңғалақтарды қысқы доңғалақтарға ауыстырып, көлікте күрек пен балта, жылы заттар, сіріңкелер мен шамдар, азық-түлік пен жанар-жағармай қоры, құрал-саймандар жиынтығы мен сүйрету кабелі, алғашқы медициналық көмек қобдишасы және зарядталған ұялы телефон болуы қажет.

- төтенше жағдай туындаған жағдайда құтқару қызметінің тәулік бойғы "112" бірыңғай нөміріне немесе "101" нөміріне қоңырау шалыңыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Алғашқы финал: Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды

Канело Кристиан Мбиллиді жеңіп, бокстан әлем чемпионы атағын қайтарып алды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды