Алматыда су құбырының жарылуы салдарынан бірнеше көше суға батып жатыр

Сурет: freepik
Мыңбаев көшесінің 49 мекенжайында су құбырының жарылуына байланысты сағат 3:40-тан бастап солтүстік ағытта орналасқан көшелерді, әсіресе Әуезов көшесін су басқан. Су Райымбек даңғылына дейін жеткен, ол жерден мүмкіндігінше арық желісіне бұрылып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, көктайғақтың алдын алу үшін Алматы тазалық МҚК қызметкерлері жол бойына 18 құмсепкіш көліктің күшімен, тротуарларға 4 тротуар тазалаушы көлікпен көктайғаққа қарсы материал себуге кірісті. 

Апаттың салдары бүгінгі күннің аяғына дейін реттелетін болады.

Су басқан орындарда көктайғақ жабынының пайда болу ықтималдылығын ескере отырып, жүргізушілерді жылдамдықты азайтып, көлік арасындағы арақашықтықты ұлғайтып, апатты жағдайды туындатпас үшін оқыс әрекеттер жасамауға шақырамыз.  Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы

Аталған аумақтарды мүмкіндігінше айналып өтуге кеңес береміз және жаяу жүргіншілерді тротуарлармен жүргенде сақ болуға шақырамыз. 


Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Ақтауда жасартуға арналған заңсыз екпелерді қолданған медициналық орталық анықталды