Ақтөбе облысында жол апатынан Түркия азаматы қайтыс болды

Сурет: ҚР ІІМ
17 қаңтарда Mercedes Benz жүк көлігінің 43 жастағы жүргізушісі, Түркия Республикасының азаматы Қостанай облысынан Ақтөбе қаласына қарай, Әйтеке би ауданы Т.Жүргенов ауылының маңында жүріп келе жатып, басып озу кезінде 47 жастағы жүргізушінің басқаруындағы DAF жүк көлігімен соқтығысқан.

Соқтығысудан Mercedes Benz автокөлігі жолдың жүріс бөлігінен ілеспе бағытта мұзды тазарту бойынша жол жұмыстарын жүргізіп жатқан автогрейдермен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Mercedes Benz көлігінің 43 жастағы жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Ақтөбе облысының полиция департаменті барлық жүргізушілерді жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және олардың салдарын болдырмауға бағытталған жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Тасжолдағы велоспорттан әлем чемпионаты: ел намысын кімдер қорғамақ

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді