Павлодарда мастықтан айықтыратын орынға түскен азамат мерт болды

Сурет: pixabay
Павлодарда айықтырғышқа түскен ер адам мерт болды. Марқұм түрлі дене жарақатынан ауруханада қайтыс болыпты. Ал жақындары оны ұрып-соққан деп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Астана" телеарнасының хабарлауынша, Күлжан Медей марқұм күйеуі ішімдікті жиі ішетіндіктен учаскелік полицейді шақыруға мәжбүр болыпты. 

"Үйден учаскелік полицей әкетті. Қайда апарып ұрды, не істегеніне сол кісі жауап беру керек қой. Сап-сау әкеткен кісіні сабап өлтіріп отыр. Сараптамада сау жері жоқ. Ол кісіні апарғаннан кейін бір-екі сағаттан кейін қайтып кеткен. Бас деген майысып қалған. Өне бойдан түк жоқ. Сап-сау кеткен. Неге сонша жәбірлеп сабайды?"Марқұмның жұбайы Күлжан Медей

Ал айықтырғыштағы дәрігерлердің айтуынша, азамат орташа масаң күйде жеткен. Ал денесінде зорлық іздері болмаған көрінеді.

Дәрігерлер марқұмға бірнеше рет операция жасаған. Алайда құтқара алмапты. Қатты соққыдан миына қан құйылғанын айтқан.

Азаматтың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалған. Ал полиция қызметкеріне қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады. 

"Дәрігерлер оны тексерген кезде денесінде және басында жарақат іздері болмаған. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр. Айықтырғыштағы бейнебақылау камерасынанан оның өзін бірнеше рет құлап, басын соққаны түсіп қалған".  Облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды