Қарағандыда 35 мыңнан астам шөлмек контрафактілі ішімдік тәркіленді

Полицейлерге белгілі бір азаматтар облыс аумағында акциздік маркалармен алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау маркаларын пайдалану арқылы заңсыз ішімдік өнімдерін сатумен айналысып жатқаны туралы ақпарат түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар азаматтар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің тауар таңбасын заңсыз пайдаланып, акцизделетін тауарларды акциздік таңбалармен таңбалау тәртібімен ережелерін бұзған. Тәртіп сақшылары арнайы мақсаттағы жасақ қызметкерлері және экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерімен бірлесіп қаладағы екі мекен-жайда тінту жұмыстарын жүргізді.

Жүргізілген кешенді тінту жұмыстары барысында сараптама мамандарының алдын ала қорытындысына сәйкес 35 мың шөлмектен астам жалған есепке алу-бақылау таңбаларымен контрофактілі алкогольдік өнім тәркіленді.

Сондай-ақ полиция қызметкерлерімен әр рулонда 1000 жапсырмадан тұратын 7 рулон жапсырылатын акциздік маркалар тәркіленді. Жеті күдікті анықталды. Оның ішінде 28 бен 57 жас аралығындағы бес ер азамат және 30 бен 59 жас аралығындағы екі әйел.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 233-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.


Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: