Павлодарда пештің мұржасын ұзақ уақыт бойы тазаламаған отбасы уланып қалды

Сурет: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі
Павлодарда пештің мұржасын ұзақ уақыт бойы тазаламаған отбасы уланып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылғы 21 қаңтарда сағат 15.50-де 101 пультіне Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Басқамыс ауылындағы үйлердің бірінде қатты отынмен жанатын пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтамау (пештің мұржасы тазаланбаған) салдарынан 1976 жылы туған әйел адам мен 2004 және 2021 жылдары туған екі бала уланып, ауруханаға жатқызылғаны туралы хабарлама түсті. Зардап шеккендердің жағдайы орташа дәрежеде.

Оқиға орнына Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің аудандық бөлімінің қызметкері барды.

ҚР төтенше жағдайлар министрлігі қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды, пештің жарылған жерін бітеуді, мұржаларды 3 айда кемінде бір рет тазалауды, аязды күндері пешті қатты қыздырмауды, от жағу үшін ұзындығы пештің от жағу өлшемінен аспайтын отынды пайдалану қажетін ескертті.

Төтенше жағдай кезінде "112" нөмірі бойынша хабарлау қажет.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі". Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы