Көшені су басқаны жайлы видео: Петропавл қаласы әкімдігі су құбырының зақымданғанын растады

Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде Петропавл көшесін су басқаны жайлы видео пайда болды. Көп ұзамай қала әкімдігі су құбыры зақымданғанын растап, осыған байланысты бірнеше мекенжайларда су өшірілгені туралы ақапарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылы 28 қаңтарда таңғы сағат 7.00-де дивизияның 314-ші Атқыштар дивизиясы көшесі бойында диаметрі 800 мм болатын оңтүстік-шығыс су құбырына зақым келді. Бұл туралы Петропавл қаласы әкімдігінің Instagram парақшасында айтылады.

Зақымдану салдарынан қаладағы су беру желісіндегі қысым төмендеді. Қазіргі уақытта бұл учаске оқшауланған, желідегі су қысымы деңгейі қалпына келтіріліп датыр, делінген хабарламада.


Жұмыстар толық аяқталғанға дейін мына мекенжайларда су беруге уақытша шектеу қойылады:

- Жұмысшы ауылы;

- Береке ықшам ауданы;

- Вокзал маңы ауданы.

Қосымша ақпарат кейінірек хабарланады. Аталған мәселе Петропавл қаласы әкімінің жеке бақылауына алынғандығы да нақтыланады.

Көшені су басқа желідегі видеоны мына арадан көре аласыздар.

Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

7 сәуір – күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туған күні

Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады