«LV FORCE» финпирамидасы: келтірілген шығын көлемі 147 млн ​​теңгеден асады

Сурет: Zakon.kz
«LV FORCE» қаржылық пирамидасын құру және басқару бойынша азаматша Е.Е.Лишкоға қатысты сотқа дейінгі тергеуді ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысы бойынша ҚМА департаментінің берген мәліметіне сүйенсек, 2018 жылдан бастап Лишко Е.Е. Степногорск қаласының аумағында жеке тұлғалардан түсетін қаражатты қайта бөлу арқылы ақша тартудан кіріс алу мақсатында «LV FORCE» компаниясын ұйымдастыру туралы шешім қабылдап, қаржылық пирамида қызметін ұйымдастырды.


"Нәтижесінде осы пирамида жұмыс істеген кезеңде 5 822 жеке тұлға тартылып, келтірілген шығын көлемі 147 миллион теңгеден асады." Ақмола облысы бойынша ҚМА департаменті

Сот Е.Лишконы кінәлі деп танып, оған тыйым салынған мүлкі тәркіленіп, бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін