Түрікменстанда бензинді тегін құюдан бас тартқан ЖҚС қызметкерін атқан офицер сотталды

Сурет: freepik
Мотоатқыштар дивизиясының офицері жанармай құю бекетінің қызметкеріне сигналдық тапаншадан оқ атқаны үшін 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот алдында үш әскери қызметкер жауап берді. Жаңа жыл қарсаңында олар жанармай құю бекетіне келіп, көлікке бензин құйып құйып болған соң үстінен ақысыз тағы құюды талап еткен, деп жазды Хроника Туркменистана. Дау-дамай кезінде көлік иесі Шпагин сигналдық тапаншасын алып, бекет қызметкеріне оқ атқан. Абырой болғанда, оқ айдалаға атылып, жанармай қызметкері аман қалды.

Іс сотқа өтіп, бір айдан кейін офицерлерге үкім шығарылды. Олар "Өлтіремін немесе денсаулыққа ауыр зиян келтіремін деп қорқыту", "Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану", "Қызметке немқұрайлы қарау" және "Әскери мүлікке абайсызда қарау" баптары бойынша сотталды. Атқан адам 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Түрікменстандағы барлық жанармай құю бекетінің қызметкерлеріне мұндай жағдай болса, полицияға хабарлау тапсырылды.

Түрікменстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды