Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында екі жол учаскесі жабылды

Сурет: pixabay
Еліміздің батысында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше республикалық тас жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазавтожол" мәліметінше, Маңғыстау облысында ауа райының нашарлауына байланысты "Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай Өтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау" тас жолының 210-217 шақырымында - Атырау облысының шекарасынан Бейнеу ауылына дейінгі аралығында қоғамдық автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізілді.

"Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты "Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы" тасжолының 255-330-шы шақырымында, яғни Қарауылкелді ауылынан Атырау облысының шекарасына дейінгі аралығында қоғамдық көлітердің қозғалысына шектеу енгізілді", делінген хабарламада.

Құзырлы мекеме штаттан тыс жағдай туындаса, бірден 1403 нөміріне қоңырау шалу керектігін еске салады.

Ақтөбе
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды