Төтенше жағдай болған Петропавл мектебінде күзет турникеттері мен металл іздегіштер болмаған

Сурет: Zakon.kz
2023 жылғы 13 ақпанда таңертең 9-сынып оқушысы балтамен балаларға шабуыл жасаған Петропавл қаласының №4 орта мектебінде күзет турникеттері мен металл іздегіштер болмаған. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне Оқу ісінің меңгерушісі айтты.

Петропавл қаласындағы №4 орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Алмагүл Қасымованің сөзінше, 15 жастағы тоғызыншы сынып оқушысы мектепке асықпай кіріп, екінші қабаттағы дәретханаға көтеріліп, киімін ауыстырып, дәлізге шыққан. Онда оқушылар бірінші сабаққа кіргелі тұрған.

Сурет: Zakon.kz

Меңгеруші полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған бейнекамералар орнатылғанын, бірақ турникеттер мен металл іздегіштер жоқ екенін айтты.

Сурет: Zakon.kz

"Балаларды өзіміз кіргіземіз. Балалардың мектепке қандай жағдайда келгенін визуалды тексереміз, сәйкесінше сырттан келушілерді кіргізбеу үшін сыртқы есікті де қарап тұрамыз. Ол кезде мектепке ешкім кірген жоқ. Ол біздің оқушы". Алмагүл Қасымова

Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ әкеліп, салдарынан үш бала зардап шекті. Кейін баланың жасы 15-те екені, "Депрессия" диагнозымен психиатриялық есепте тұратыны белгілі болды. Ол қаладағы №4 орта мектепте 2022 жылдың қараша айында ауысып келген. Оқу ісі меңгерушісінің айтуынша, тоғызыншы сынып оқушысы мүмкіндігінше оқыған, өзін сабырлы, салмақты ұстаған.

Оқу-ағарту министрлігі 13 ақпан күні Петропавлдағы төтенше жағдайдан кейін елдегі барлық мектептің қауіпсіздігі тексерілетінін хабарлады.




Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты