Түркияда жер сілкінісінен кейін тоғыз күн өткенде үйінді астынан ағайынды екі жігіт құтқарылды

Сурет: Anadolu Agency
Түркияның оңтүстік-шығысындағы Қахраманмараш провинциясының Дулкадироғлы ауданында жер сілкінісінен 198 сағат өткен соң үйінді астынан ағайынды екі жігіт шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

14 ақпанда үйінді астынан 17 жастағы Мұхаммед Энес Йенинар мен оның  ағасы 21 жастағы Баки Йенинар шығарылды. Жігіттер ауруханаға жатқызылды, деп жазды Anadolu агенттігі.

Құтқарушылар апат аймағынан аман қалғандар әлі де табылатынына үміттенеді. Ақпанның 12-сі күні түрік құтқарушылары жүрек тебірентерлік кадрлармен бөлісті. 140 сағаттай үй қирандысының астында жатқан 7 айлық сәби құтқарылды.

11 ақпанда Түркияның Адьяма қаласында жер сілкінісі болғаннан кейін 114 сағат өткен соң үйінді астынан 10 жасар бала шығарылды.

6 ақпан күні таңертең Түркияда бірнеше күшті жер сілкінісі болды. Кейінірек Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 7,8 болатын тағы бір жойқын жер сілкінісі тіркелді.

Түркияның оңтүстік-шығысында болған алапат жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 31,6 мыңнан асты.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті

Зейнетақы жинағын алу шегі өзгерді: БЖЗҚ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

Алматы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Қазақстан Қытайдағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

"Айына 500 млн теңге табыс". Kizdar.net сайтының артында кімдер тұрғаны белгілі болды