Ресей азаматының 85 миллион теңге болатын мүлкі тәркіленді

Сурет: freepik
ҚМА Қостанай облысы бойынша департамент "KZobmen.com", "KZobmen Ltd" крипто айырбастау пункттері арқылы цифрлық активтермен тыйым салынған кәсіпкерлік қызметті іске асырудың тағы бір фактісіна анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржылық монитоинг агенттігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, Ресей Федерациясының азаматы 2020 жылдың шілдесі мен 2023 жылдың қаңтары аралығында заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде 180 миллион теңгеден астам сомаға аса ірі көлемде табыс алғаны анықталды.

"Сот үкімдері бойынша күдіктінің 85 миллион теңге көлеміндегі жылжымайтын мүлкі, оның ішінде "Binance" крипто биржасының платформасында орналастырылған цифрлық активтері (криптовалюта) тәркіленді".ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Құқық бұзушы бес заңсыз криптовалюта айырбастау пунктіне қатысты қылмыстық істі тергеу барысында анықталды, іс аясында криптовалюта айырбастау пункттері арқылы цифрлық активтермен тыйым салынған кәсіпкерлік қызметпен айналысқан бір топ тұлғалардың қылмыстық әрекеттерінің жолы кесілді.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.


Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған