Түркістан облысында есірткі тасымалдаған Тәжікстан азаматы 15 жылға сотталды

Сурет: видео скрині
Түркістан облысында ірі көлемде есірткі тасымалдаған Тәжікстан азаматы сотталды. 31 келі героинді Ресейге жеткізбекші болған шетелдік енді 15 жыл түрмеде отырады, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Ірі көлемдегі есірткі былтыр Жібек жолы шекара бекетінде тәркіленген. Тәжікстаннан келе жатқан көлікті тексергенде шекарашылардың иті есірткінің иісін сезген.

Күдікті 31 келіден астам героинді көлігінің жанармай багіне жасырыпты. Бүлініп қалмас үшін 63 дана ораманы полиэтилен пакетпен мұқият ораған. Бұл - кейінгі 20 жылда тәркіленген ең ірі көлемдегі есірткі.

Прокурор күдіктіге 18 жыл жаза сұраған. Алайда судья 27 жастағы Тәжікстан азаматын 15 жылға бас бостандығынан айырды.

Қазақстан
Тәжікстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі