Тәжікстанда магнитудасы 7,0-ге тең жер сілкінісі болды, жерасты дүмпуі Алматыда да сезілді

Сурет: Zakon.kz
Тәжікстанның Қытаймен шекаралас аумағында жерасты дүмпулері тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жер сілкінісі 23 ақпан күні Алматы уақыты бойынша 06:37-де тіркелді. Сейсмологтардың мәліметінше, магнитудасы 7,0-тең болды. Алматыда жер асты дүмпулері 2-3 баллда сезілді.

"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 696 шақырым жерде Тәжікстан аумағында орналасқан", – делінген қазақстандық сейсмологтар таратқан хабарламада.

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, патрульдік бағыттар бойынша визуал "ештеңе байқалмады", жағдай тұрақты. "112" және "101" желілеріне тұрғындардан қоңыраулар түскен жоқ.

"Қазселденқорғау" ММ мәліметінше, гидротехникалық құрылыстарда деформация, шөгу және сызаттар анықталған жоқ". Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті

22 ақпан күні Алматы уақыты бойынша сағат 16:25-те жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 439 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

21 ақпан күні Иранда жер сілкінді. Жерасты дүмпуі Иранның оңтүстігіндегі Бендер-Аббас қаласының солтүстік-батысында тіркелді.

21 ақпан күні Сириямен шекаралас Түркияның Хатай провинциясында тағы да жер сілкінісі тіркелді. Оның магнитудасы 6,4 болды.


Алматы
Тәжікстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз