БҚО-да тікұшақ апатты жағдайда қонды

Сурет: kazaviaspas.kz
Батыс Қазақстан облысында магистральды мұнай құбырын көктен шолу кезінде "Қазавиақұтқару" тікұшағы апатты жағдайда қатты екпінмен келіп жерге қонды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, оның себебін оқиға орнына аттанған мамандар анықтайды.

"Әрине, біз мұндай жағдайларға жіті назар аударамыз. Тікұшақ сақтандырылған, мерзімді техникалық қызмет бойынша тексеруден 2023 жылдың қаңтар айында өткен. Экипажбен телефон арқылы сөйлестік, борттағылардың барлығы аман", - деді Иманқұлов.


Бұл жағдай қандай да бір құтқару операцияларын жүргізуге әсер етпейтіні нақтыланады. ТЖМ құтқару бөлімшелері, оның ішінде авиация штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды