Борт басқаруға келмеген – ҚР ТЖМ

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің алдын ала мәліметі бойынша, қатты екпінмен келіп қонған Ми-8 тікұшағы басқаруға келмеген, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

24 ақпан күні өткен баспасөз мәслихатында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов Батыс Қазақстан облысында "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағымен болған апаттың мән-жайын айтып берді.
"Алдын ала мәлімет бойынша, екпінмен келіп қонған, іс жүзінде борт басқаруға келмеген". Руслан Иманқұлов

Сондай-ақ ТЖМ өкілі апаттан кейін БАҚ-та неліктен "қайтыс болғандар жоқ деген" ақпарат тарағанын түсіндірді. Оның айтуынша, ол апаттан аман қалған адамның алдын ала тартқан ақпараты болған.

"Ол жерде байланыс өте нашар болды, интернет байланысы тіптен жоқ.  Телефон байланысының өзі де нашар болды. Сол кезде диспетчерлер хабарласқанда біздің аман қалған қызметкеріміз не "тірі", не "тіріміз" деген сөзді айтқан. Сонан соң телефон байланысы үзіліп кетті. Мәліметтер алынғаннан кейін біз қаза тапқандар туралы ақпаратты растадық. Өзіміз де адам өлімі туралы ести отырып, ТЖМ құтқарушылары Түркияда адам құтқару жұмысына қатысқан осынау күндері қызметкерлеріміз осындай жағдайға тап болады дегенге психологиялық тұрғыдан дайын болмағандаймыз".Руслан Иманқұлов

23 ақпан күні Батыс Қазақстан облысында магистральды мұнай құбырын көктен шолу кезінде "Қазавиақұтқару" тікұшағы апатты жағдайда қатты екпінмен келіп жерге қонды.

Ішкі істер министрлігі 23 ақпанда болған оқиға Көліктегі полиция департаментінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 3-бөлігі, яғни абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әуе көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу бойынша тіркелгенін хабарлады.

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі апатта қаза болғандардың фотосуретін жариялады.

Сондай-ақ қайғылы оқиғаға байланысты Авиация әкімшілігі жоспардан тыс тексеру жүргізілетінін хабарлады.

Төтенше жағдайлар министрлігі қаза тапқандардың отбасына жан-жақты көмек көрсету және жерлеу қызметтеріне жұмсалатын барлық шығынды "Қазавиақұтқару" өз мойнына алғанын мәлімдеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады