Ақтөбе облысында локоматив пен жолаушылар пойызы соқтығысты

Сурет: Telegram/qr_tjm
Ақтөбе облысында локоматив пен "Бішкек-Самара" бағыты бойынша келе жатқан жолаушылар пойызы соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, 5 наурызда сағат 10.30-да Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Біршоғыр теміржол станциясында маневрлік локомотивпен бүйірлік соқтығысу салдарынан "Бішкек-Самара" қатынасымен жүретін № 317 жолаушылар пойызының тепловозы, № 1 вагоны және № 2 жолаушылар пойызының үш доңғалақты жұбы рельстен шығып кетті".ҚТЖ баспасөз қызметі

Оқиға орнына Қазавиақұтқару тікұшағы ұшып шығып, құтқару бөлімшелері жіберілді және ҚТЖ қалпына келтіру поезды жөнелтілді.

Қолда бар ақпаратқа сәйкес пойызда 200-ден астам адам болған (Қырғызстан, РФ және Қазақстан азаматтары, ҚТЖ қызметкерлері). Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ, қазіргі уақытта жолаушылар пойыздың басқа вагондарына орналастырылды.

ТЖМ және өңірдің ТЖД қызметкерлерінен тұратын жедел штаб құрылды.

Оқиғаның себебін анықтаумен құзыретті органдар айналысатын болады.


Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді