Алматы полициясы алаяқтық тізбекке пайдаланылған SIM-box құрылғысын тәркіледі

Сурет: ҚР ІІМ
Алматылық полицейлер “Мобайл Телеком сервис” компаниясының қауіпсіздік қызметкерлері мен бірлесе отырып телефон арқылы алаяқтық қылмыс жасаған күдіктілерді қолға түсірді.

Мыңдаған телефон карталары мен құрылғы сақталған пәтер Әуезов ауданында анықталды.


"34 жастағы күдікті SIM-карталарды тіркеп, Ресейдегі хабарлама хабына сатуға дайындаған. Аталған күдіктінің заңсыз әрекеті арнайы мамандардың көмегімен анықталды. Түрлі мобильді байланыс операторларының мың SIM-картасы, телефон нөмірлері бар деректер қоры және әртүрлі техникалық құрылғылар тәркіленді.Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды,"– деді Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Полиция мәліметінше, аталған пәтерді тінту барысында SIM-box құрылығысының 12 данасы, SIM-карта салуға арналған 432 слот, SIM-Bank анықталды.

Тергеу мүддесіне орай өзге ақпараттар жария етілмейді. ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына, сондай-ақ ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес, қылмыстық іс бойынша өзге де мәліметтер жария етуге жатпайтынын хабарлайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін