БҚО-ға Атырау мен Маңғыстау облыстарының құтқарушылары көмекке жіберілді

Сурет: gov.kz
13 наурызда су тасқыны салдарын тез арада жою үшін Атырау және Маңғыстау облыстарынан құтқарушы күштер мен құралдар тобы Батыс Қазақстан облысына жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Төтенше жағдай министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушы күштер мен құралдар министрдің өкіміне сәйкес авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстар жүргізуге жедел ден қою мақсатында жіберілді.

"Жіберілген құтқарушы күштер мен құралдардың жалпы саны жеке құрамнан 100-ден астам адам мен 30-дан астам техниканы құрайды. Құтқару бөлімшелері бүгін Батыс Қазақстан облысына жеткен соң, авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарын жүргізуге кірісетін болады". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Айта кетсек,  Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда. Бүгін БҚО-да қызыл су бөгетті шайып, жақын маңдағы елдімекенге қауіп төндіргені белгілі болды. Сырым ауданы Ақбұлақ ауылында екі көшені су басып, 44 адам эвакуацияланған. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек