Алматы – Өскемен тас жолында болған жол апатынан бір адам қаза тауып, екі адам ауруханаға түсті

Сурет: polisia.kz
14 наурыз күні Жетісу облысы Кербұлақ ауданында Toyota Carina және JAC N80 автомашиналары соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлердің мәліметінше, Toyota автокөлігінің 42 жастағы жүргізушісі Алматы – Өскемен трассасының 159 шақырымында жолды бөліп тұратын қоршауды соғып, инерция бойынша бір бағытта кетіп бара жатқан шағын литражды JAC жүк көлігімен соқтығысқан.

Сурет: polisia.kz

Салдарынан 68 жастағы әйел қаза тапты. Сондай-ақ оқиға орнынан 70 жастағы ер адам мен 62 жастағы әйел түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

13 наурыз күні Таразда той кортежіне ілескен екі көлік жол ережесін өрескел бұзып, апатқа ұшырады.

Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі