Болат Назарбаев "Алматы ауыр машина жасау зауыты" АҚ акцияларының 31,9 пайызын мемлекетке қайтаратын болды

Сурет: freepik
Сот Болат Назарбаевты "Алматы ауыр машина жасау зауыты" АҚ акцияларының 31,9 пайызын мемлекетке қайтаруға міндеттеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жөнінде ҚР Жоғарғы соты сайтында жарияланған кассациялық сатының шешімінде жазылған.

"Б.А.Назарбаев "Алматы ауыр машина жасау зауыты" АҚ жарғылық капиталының 31,9 % мөлшеріндегі жай атаулы акцияларын ҚР Министрлігінің "Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті" мемлекеттік мекемесіне беру арқылы мемлекет меншігіне қайтару міндеттелсін", – делінген қаулыда.

Іс материалдары арқылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті 1998 жылғы 18 ақпандағы келісімшарт бойынша "Алматы ауыр машина жасау зауыты" АҚ акцияларының жарғылық қордан 31,9% мөлшеріндегі мемлекеттік пакетін тендер жеңімпазы "Темир Кон" ЖШС-ға 105 300 000 теңгеге сатқаны белгілі болды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтар Республика күнінде қалай демалады

Ресейдегі маймыл шешегі: Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады

Бублик пен Рахмонов Алматыда көз арбасу өткізді

Батыс Қазақстан облысында мұғалім 4 млн теңгеден астам қарызын бөліп төлеуге мүмкіндік алды

-7 градусқа дейін үсік, көктайғақ екпінді жел: қай өңірлерде ескерту жасалды