Қарағанды облысының тұрғыны ұрланған телефон арқылы ақша шешіп алған

Сурет: Zakon.kz
Қарағанды облысында ауыл тұрғыны ұрланған телефонның мобильдік қосымшасы арқылы жәбірленушінің жинаған зейнетақысын шешіп алған.

Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық полиция бөліміне ауданға қарасты ауылдың 63 жастағы зейнеткері арызбен шағымданды.

Жәбірленуші полиция қызметкерлеріне абайсызда телефонын жоғалтып алғанын, кейін сол телефонның мобильдік қосымшасы арқылы белгісіз біреу соңғы төрт айда жинаған 660 мың теңгесін шешіп алғанын айтты.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 27 жастағы азамат ұсталды. Тергеу әрекеттері барысында жәбірленуші телефонды жоғалтпағаны, керісінше күдікті оны ұрлап алғаны белгілі болды.

Кейін күдікті ұрланған телефонның мобильдік қосымшасы арқылы барлық ақшаны шешіп алған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін