БҚО-да суға кеткен 73 үйде су сору жұмыстары аяқталды

Сурет: Zakon.kz
Батыс Қазақстан облысында суға кеткен 73 үйде су сору жұмыстары ақяталды. Тұрғындар біртіндеп баспанасына оралып жатыр.

Ал Деркөл, Өлеңті, Шыңғырлау және Шежін өзендерінде су деңгейі көтіріліп, арнасынан шықты. Мамандар су мөлшерін екі сағат сайын тексеріп отыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Жайық өзеніне жоғарыдан мол су түседі деп болжанып отыр. Қазірдің өзінде арна деңгейі былтырғы меже төрт метрге жеткен.

Бұдан екі есе көп су келсе, 20 мың тұрғыны бар саяжай аумақтарына қауіп төнуі мүмкін. Бұл туралы тұрғындарға ескертіліп, Орал қаласында 27 эвакуациялық пункт дайындалды.

Қазір таңда тек Ресей Федерациясы мемлекетінен бастау алатын өзендерде су деңгейі көтерілуде. Олар - Шаған, Қараөзен, Сарыөзен Казталов аудандары. Шаған өзені Чувашин ауылындағы гидробекетте су деңгейі 6,8 метрге көтерілді.  Тілеген Шапанов, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК облыстық филиал директоры

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз