Қарағандыда жиһаз жасатпақ болған бір топ адам алданып қалған

Сурет: pixabay
Қарағандыда жиһаз жасатамыз деп ақшасынан айырылған азаматтар наразылық білдірді. Әзірше 15 адам күдіктінің үстінен полицияға шағымданған, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
"Арыз жаздық. Бүкіл ұжым болып жаздық. Ол кезде 10 адам болды. Осы бір-екі күнде тағы 5 адам табылды. 15 адам болды. Бұл біз білетін адамдар ғана, мүмкін басқа да адамдар бар шығар. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Бірақ тергеу өте нашар деңгейде жүргізіліп жатыр. Өйткені тергеушінің жасы 22-де ғана. Ол барлық өз жұмысын жүргіземіз дейді, бірақ алға ешқандай қадам жоқ". Қарағанды қаласының тұрғыны Зарина Мұхтарова

Алданған азаматтар өзін жиһаз шеберімін деген адамның үйіне жиналды. Бірақ бұл баспана оның анасына, ал қалған дүние мүлкі жұбайы мен туыстарының атына рәсімделген екен. Оның үстіне ол ресми келісімшарт жасасып, ақшаны арнайы есеп-шотқа аудартқан.

Ол зардап шегушілерден 500 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейін алған.

Арызданушылардың айтуынша, бұдан ақшаларын 2016 жылдан бері ала алмай жүргендер бар көрінеді. Өйткені бәрі ресми түрде рәсімделгендіктен, іс қылмыстық емес, азаматтық құқықтық негізге ауыстырылған. Тіпті сот шешімі шыққанымен, оның атында тәркілейтін дүниесі жоқ. Сондықтан алданғандар қылмыстық іс тиянақты тергеліп, күдікті тиісті жазасын алса дейді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді