БҚО-да 100 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері тағы да азаматтық борышын өтеді

Сурет: БҚО әкімдігі
1945 жылғы 24 маусымдағы Жеңіс шеруіне қатысушы, прокуратураның құрметті қызметкері Иван Степанович Гапич үйінде дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2 ақпанда ол өзінің ғасыр мерейтойын атап өтті.

"Елдегі демократиялық реформалар қоғамымыздың әлеуметтік, экономикалық, мәдени және тағы басқа барлық саласын өзгертуге бағытталған. Өз басым сайлаудан кейін халқымыздың өмірінің барлық саласы, халықтың өмір сүру сапасы жақсарады деп үміттенемін", - деді Гапич.

Еске салайық, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Батыс Қазақстан облысына сапары барысында аты аңызға айналған Жеңіс шеруіне қатысушы, прокуратураның құрметті қызметкері, Орал қаласының және Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы Иван Степанович Гапичке барды.

Иван Степанович өз кезегінде президентке оның өмірі мен қызметіне арналған "Человек чести и долга" кітабын сыйға тартты.

Иван Гапич тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы сияқты түрлі тарихи оқиғалар тоғысқан дәуірде өмір сүрді. Қазір қоғамдық жұмыстарда белсенді болып, көп іс-шараға, кездесулерге қатысып, баға жетпес еңбек және өмірлік тәжірибесін бөлісіп жүр. Жас ұрпаққа Отанға деген риясыз сүйіспеншілік пен адалдық сезімін жеткізуге үлесін қосып жүр. 

Оның еңбек жолы мен өмірі бүгінгі ұрпаққа үлгі. Ардагер көзі тірісінде 40-тан астам сайлауға қатысқан.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты