ҰҚК қызметкерлері 100 келіден аса героин тәркіледі

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстан Республикасының Ішкі істер министірлігімен бірге бірнеше сатылы арнайы операцияның нәтижесінде ауыр есірткілерді контрабандалық жолмен әкелудің тұрақты арнасының жолын кесті.

ҰҚК жедел қызметкерлері жедел зерделеу барысында есірткі трафиктерін қалыптастыратын елдерде Қазақстан арқылы өзге шет елдерге шығаруға арналған апиын тектес есірткілердің ірі партиясы жинақталғаны жайында ақпаратқа қол жеткізді.

Кезең кезеңімен есірткіні тасымалдаудың жолдары мен айламен әкелу схемалары анықталды.

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Арнайы іс-шаралар нәтижесінде есірткіні өткізуді ұйымдастырушының өзі болып табылатын шетелдік азаматтың Қазақстанға келетіні туралы нақты мәлімет алынды.

"Жедел қызметкерлердің және «А» Арнайы мақсаттағы қызметтің келісілген әрекеттерінің арқасында Алматы қаласында 100 келіден аса героинды тасымалдау кезінде есірткі арнасының ұйымдастырушысы ұсталды." ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Материал Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, тергеу амалдары жүргізілуде.

Халықаралық есірткі трафигі арналарының жолын кесу бойынша жұмыс жалғасуда.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз