"Сау-тамтығы жоқ". Алматы-Көкпек-Көктал тас жолында жантүршігерлік жол апаты орын алды

Сурет: Zakon.kz
1 сәуірде таңғы сағат 8-00 шамасында Алматы-Көкпек-Көктал тас жолында екі жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысып, бес адам қаза тапты, тағы үш адам жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция мәліметінше, Audi 100 автокөлігінің 43 жастағы жүргізушісі Алматы-Көкпек–Көктал  тас жолының 196 шақырымында жолдың қарама-қарсы бетіне шығып, 1964 жылғы азамат тізгіндеген Audi С4 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.


Сурет: Zakon.kz


Жол апатынан Audi 100 жүргізушісі мен оның үш жолаушысы (біреуі - бала), сондай-ақ Audi С4 жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. 


Сурет: Zakon.kz


Әртүрлі дене жарақаттары бар төрт жолаушы Шонжы ауылында орналасқан орталық аудандық ауруханаға жатқызылды. Олардың бірінің жағдайы ауыр екені де нақтыланады.


Сурет: Zakon.kz


Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша Еңбекшіқазақ ауданының СДТБТ-да тіркелді.


Сурет: Zakon.kz


Қазір қажетті сараптамалық зерттеулерді тағайындаумен тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. 


Сурет: Zakon.kz


Сурет: Zakon.kz


Алматы облысы
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада қар жауып, түнде −5°C-қа дейін суытады: Алматы мен Шымкентте ауа райы қандай болады

Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын қашан жариялайтынын айтты

Қазақстанның бес облысында -3 градусқа дейін аяз болады

Алматыдан Павлодарға ұшып шыққан ұшақ әуежайға оралды

WhatsApp-та хабарлама жазып, әйелді қорқытқан ер адам сотталды