WhatsApp-та хабарлама жазып, әйелді қорқытқан ер адам сотталды
Фото: pexels
Алматы облысында өзімен сөйлескісі келмеген әйелді аңдыған ер адам 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды. Сондай-ақ сот оған жәбірленушіге жақындауға тыйым салды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам әйелдің онымен байланысқысы келмейтініне қарамастан, WhatsApp арқылы хабарлама жіберуді жалғастырған. Сотта жәбірленуші осы әрекеттерден кейін қорқып жүргенін, ұйқысы бұзылғанын және күнделікті өмір салтын өзгертуге мәжбүр болғанын айтты.
Ер адам кінәсін мойындап, өкінетінін жеткізді. Оның әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің сталкинг үшін жауапкершілікті көздейтін 115-1-бабы бойынша сараланды.
Сотталған адамның жазаны өтеу тәртібі мен мінез-құлқын пробация қызметі бақылайды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript