Елордалық ер адам бұрынғы әйелінің үстіне жанғыш сұйықтық құйып, оны өртеп жібермек болған

Өртеу, өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2026 17:40 Сурет: unsplash
Астанада ер адам бұрын бірге тұрған әйелді өртеп жібермек болып, қоқан-лоқы көрсеткені үшін сотталды. Қоғамдық жұмыстарға жегілген оған жәбірленушіге жақындауға тыйым салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған оқиғаның мән-жайымен бүгін, 2026 жылы 23 қыркүйекте Астана қаласының прокуратурасы бөлісті:

"Оқиға қызғаныш салдарынан орын алған. Ер адам бұрын бірге тұрған әйелінің жұмыс орнына жанғыш сұйықтық құйылған бөтелкемен келген. Әйелмен қарым-қатынасын қалпына келтіру мақсатында ол жәбірленушіні өртеп жіберемін деп қорқытқан. Кейін оның үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өміріне нақты қауіп төндірген".

Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдеді.

"Сот үкімімен бұрынғы бірге тұрған әйеліне қатысты құқыққа қайшы әрекет жасаған ер адамға 60 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындалып, оның мінез-құлқына бірқатар ерекше талаптар белгіленді. Атап айтқанда, жәбірленушіге жақындауға тыйым салынды".Астана қаласының прокуратурасы

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Прокуратура азаматтарды қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда өз құқықтарын қорғау және ауыр зардаптардың алдын алу үшін дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырады.

Бұған дейін Алматыда танысқысы келмеген қыздың үстіне ер адам су шашып жібергенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: