"Жоқ" деген жауапқа ашуланған жігіт қызға қоқан-лоққы көрсеткен

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2026 14:18 Фото: Zakon.kz
Алматыда жас жігіт танысу туралы ұсынысын қабылдамаған қызға жағымсыз әрекет жасаған. Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның немен аяқталғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға туралы әлеуметтік желілерде ақпарат тараған. Ер адам қызбен танысуға тырысқан, алайда қыз одан бас тартқан.

Осыдан кейін жігіт қыздың үстіне су құйып, әдепсіз қимыл көрсеткен. Қазақстандық қыз бірден полициядан көмек сұраған.

Кейін Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ер адамның жеке басын анықтап, оны ұстады.

"Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік материал сотқа жолданды. Істі қарау нәтижесінде ер адам кінәлі деп танылып, әкімшілік қамауға алынды", – деп хабарлады Алматы қаласының Полиция департаменті.

Полиция Алматыда қоғамдық орын кез келген әрекетке рұқсат беретін жер емес екенін ерекше атап өтті.

"Құрметсіз әрі қорлайтын мінез-құлық, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бұзу заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғады", – деп атап өтті Полиция департаменті.

Бұған дейін, 2026 жылғы 1 қыркүйекте Астанада түнгі клубтың жанында қыздың соққыға жығылғаны туралы жазған болатынбыз. Енді шабуыл жасағандар онымен байланысқа шығып, құқық қорғау органдарына берген арызын қайтарып алуға көндіріп жатыр. Олар істің бәрібір қаралмайтынын айтып сендіруге тырысқан. Материалды мына сілтеме арқылы оқи аласыздар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: