Америкада үш рет банк тонаған 78 жастағы әйел қамауға алынды

Сурет: Pleasant Hill police
Миссури штатының 78 жастағы тұрғыны Бонни Гуч Плезант-Хилл қаласында банк тонамақ болғаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бонни Гучқа Goppert Financial банкін тонады немесе тонауға әрекет етті деген айып тағылды, деп жазды New York Post.

Тонау әрекетінен кейін полицейлер бағыты күдік туғызған көлікті тоқтатқан. Көлік тізгінінде Бонни Гуч болған, көліктен айғақтар да табылды.

"Жағдай қиын болғаны өз алдына, көліктен егде жастағы әйел түсіп келе жатқанда қайран қалдық". Плезант-Хилл полициясының бастығы Томас Райт

Бонни Гуч ұсталып, 6 сәуірде оған айып тағылды.

Кейін белгілі болғандай, ол бұрын да дәл осындай қылмыстары үшін қамауға алынған. 2020 жылы 75 жастағы Гуч басқа банктен ұрлық жасағаны үшін ұсталған. Баласы анасының ашуланып, "банк тонаймын" деп үйден шығып кеткенін айтқан. 

Ол кезде Бонни Гучке шартты жаза тағайындалып, бақылаумен босатылды, оның мерзімі 2021 жылдың қарашасында аяқталды. Екі жағдайда да қарақшы банк қызметкерлеріне талап жазылған хат ұсынған.

Бұдан бөлек, 1977 жылы Бонни Гуч Калифорнияда банк тонады деген күдікке ілінді. Қылмыс жасаған кезде ол 32 жаста болған.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады