Ақмола облысында суға батқан трактор жүргізушісі іздестіріліп жатыр

Сурет: gov.kz
Ақмола облысында Қараөзек ауылында 34 жастағы тракторшы іздестіріліп жатыр. Ол түнгі 4 шамасында жолдан өтіп бара жатып, техникасымен бірге қар суы жиналған жарға түсіп кеткен. Судың ортасында трактордың төбесі ғана көрінеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала болжамға сүйенген Almaty.tv мәліметінше, жүргізуші суға ағып кеткен болуы мүмкін. Төтенше жағдайлар қызметкерлері қазір іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Судан трактормен өтемін деп рөлге ие бол алмай, сайға түсіп жүргізушісі белгісіз себептермен жоғалып кеткен. Осыған орай жедел құтқару қызметі жасағынан төрт адам,бір техника, полиция бөлімі қызметкерлерінен жеті адам, 3 техника іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр". Бұланды ауданы ТЖБ-ның аға инженері Санат Есетов

Ал Қараөзек ауылын қызыл су басқан. Көшелермен жүру мүмкін емес. Тілсіз жау бірнеше үйге де залал келтіріп үлгеріпті. Кей жерлерде судың деңгейі тізеге дейін жетеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды