Алматылықтарға тауға шығуға болмайтындығы ескертілді

Сурет: Zakon.kz
Алматы қалалық ТЖД мегополис тұрғындары мен қонақтарына қар басқан тау беткейлеріне шықпауға кеңес береді. Өйткені 8-12 сәуір аралығында қар көшкіні жүру қаупі бар, деп хабарлайды Zakon.kz.


"Қазгидрометтің дауылды ескерту негізінде 08-12 сәуір аралығында Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде қар көшкіні қауіпі сақталатын туралы хабарлаймыз. Осыған байланысты қар басқан беткейлерге шығу ұсынылмайды, мүмкіндік болса тауға барудан бас тартқан дұрыс", деп атап өтті қалалық ТЖД.

Тау басында батыстан соққан желдің екпіні 22 м/с құрайды деп болжанады. Осыған байланысты қар көшкінін тудырмас үшін қар басқан тау беткейлеріне шықпау ұсынылады, ең дұрысы - тауға барудан бас тарту.

Тауда жүргендерден барлық қауіпсіздік шараларын сақтау сұралады.

Алматы облысы
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік