Петропавлда автобус жолаушысы жүргізушіні талдырып тастады

Сурет: видеодан скрин
8 сәуірде Петропавлдағы жолаушылар автобусының салонында аяғы қайғылы жағдайға әкеп соқтыра жаздаған оқыс оқиға болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірдегі полиция қызметінің мәліметінше, 5 "М" бағытындағы автобус жолаушысы аялдамадан өтіп кеткендіктен, жолақысын төлемей, ортаңғы есіктен шықпақ болған.

Автобус тоқтаған кезде ол жүргізушіні тұншықтырып, тағы бір жолаушыны тепкілей жөнелген.

Назар аударыңыз! Бейнежазбада балағат сөздер айтылған!


"Бұл факті бойынша полиция қызметкерлері облыс орталығының 67 жастағы тұрғынын ұстады". СҚО ПД баспасөз қызметі

Бұзақылық фактісі Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша тіркелді, деп толықтырды ПД.

"Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, соның нәтижесінде түпкілікті шешім қабылданады". СҚО ПД баспасөз қызметі


Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда күн райы күрт бұзылады: 5-7 қарашада қалың қар жауып, күн суытады

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Айдос Сарым Президент Жолдауын тарихи міндеттерді айқындайтын құжат деп таныды

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы метросынан төрт есе ұзын: Қытайда Азиядағы ең ұзын айналма метро желісі ашылды