Жамбыл облысындағы сарбаз өлімі: сот үкімі шықты

Сурет: Facebook/bibramazan
2023 жылғы 10 сәуірде Алматы гарнизонының әскери сотында мерзімді қызметтегі сарбаз Әлібек Қалбайды өлтірді деп айыпталған Айболат Аманжоловқа үкім шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белсенді Бибігүл Рамазанның мәлімдеуінше, Айболат Аманжолов тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл ретте Әлібек Қалбайдың туыстары "Астана" телеарнасына сотталушының кінәлі екеніне сенбейтінін айтты. Олардың айтуынша, нақты кінәлілер жазадан құтылып кеткен.

2022 жылдың 22 сәуірінде Жамбыл облысы Гвардейский кентінің әскери госпиталінде мезімді қызметтегі қатардағы жауынгер Әлібек Қалбай қайтыс болды. Қорғаныс министрлігі жеке құрамды құру кезінде сарбаздың өзін нашар сезінгенін айтты.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Нұрболат Мағзұмов ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Астана мен Алматыда үсік жүреді: 27-29 қыркүйектегі үш мегаполистің ауа райы болжамы

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді