Ақтөбеде анасы мен баласын айуандықпен өлтірген күдікті ұсталды

Сурет: pixabay
Ақтөбеде жас келіншек пен оның 16 жасар ұлын өлтірді деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облыстық сотына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігінің хабарлауынша, күдіктіге қатысты 31 мамырға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Бұрын хабарланғандай, 29 наурызда Ақтөбедегі тұрғын үйлердің біріндегі пәтерлердің бірінде 35 жастағы ана мен оның 16 жастағы ұлы өлтірілген күйде табылды.

Марқұмның 13 жастағы қызы пышақ жарақатымен балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Полицияны шақырған қыз болған. Қансыраған баланы жедел жәрдеммен ауруханаға алып, дереу хирургиялық үстелге жатқызды. Қыз аман қалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті