Наразы адамның лақтырған жұмыртқасы Эммануэль Макронның маңдайына дәл тиді

Сурет: elysee.fr
Франция президенті Эммануэль Макрон тұрғындармен кездесуінде оның зейнетақы реформасына қатысты наразылыққа тап болды. Белгісіз біреу мемлекет басшысына тауық жұмыртқасын лақтырды, деп хабарлайды Zakon.kz .

Оқиға Францияның Эльзас қаласында болған. Күзетшілер президентті жабуға тырысты, бірақ жұмыртқа француз көшбасшысының маңдайына дәл тиді.

Макрон мұндай жағдайға бірінші рет тап болып отырған жоқ. 2021 жылдың қыркүйегінде Лиондағы халықаралық тамақтандыру және қонақжайлылық жәрмеңкесі аясында Макрон көрмені аралап бара жатқанда, оған жұмыртқа лақтырған. Ол президенттің иығына тиген. Қауіпсіздік қызметі шабуылдаушыны дереу қолға түсірді.

Франция президенті Эммануэль Макрон зейнет жасын 64-ке дейін көтеруді көздейтін зейнетақы реформасы туралы заң жобасына қол қойды. Басынан бастап заң жобасын Франция азаматтары теріс қабылдады, елде ондаған шерулер мен митингілер өтті.

Германия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз