Алматыда 26 мектепке "мина" қойылды

Сурет: Zakon.kz
Алматыда жалпы білім беретін бірнеше мектепке "мина қойылды". Бұл жөнінде Zakon.kz басылымына қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

26 мектепке "мина қойылғаны" туралы хабарлама 2023 жылғы 20 сәуірде түскен.

"Қаланың шұғыл жедел қызметтері осындай хабарларға алғашқы ден қою шаралары шеңберінде қазіргі уақытта аталған объектілерге жарылыс-техникалық зерттеу жүргізуде". Алматы ПД баспасөз қызметі

Ведомство бірнеше мектеп тексерілгенін, ақпарат жалған болып шыққанын атап өтті.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы ("Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта жұмыс жалғасуда". Алматы ПД баспасөз қызметі

Дайындалып жатқан терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау – бес мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Қайрат" пен "Астана" бапкерлері сөзге келді

Тоқаев кореялық компанияларды Қазақстанда өндіріс орындарын ашуға шақырды