Маңғыстауда қызғылт қоқиқаздар өлі табылды

Сурет: unsplash
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында мектеп оқушысы "Қызыл кітапқа" енген бес қызғылт қоқиқаздың өлексесін тауып алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның "Қызыл кітабына" енген ерекше жануар қызғылт қоқиқаздың бес данасын 20 сәуір күні Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Қызыләскер ауылы маңында мектеп оқушысы тауып алған. Бұл туралы Маңғыстаумедиа жазады.

Дәл осындай жағдай бір жыл бұрын болған. 2022 жылдың 24 сәуірінде де аймақта қызғылт қоқиқаздар қырылды. Сол кезде құстар ауа-райының қолайсыздығынан қырылған деп аталды.

Бұл жолы мамандар құстардың қырылуын бір күн бұрын өңірді шарпыған шаңды дауылмен байланыстырды.

"Жақында Маңғыстау облысының аумағында шаңды дауыл соғып, күн желді болды. Бұл құстардың қоныс аударуы Бейнеу ауданының аумағы арқылы өтеді. Әзірге өлім ұшу кезіндегі ауа райының қолайсыздығынан деп болжауға болады. Құстардың әлжуаздары ортаға қонып, әрі қарай солтүстікке ұша алмай, суы жоқ шөлейтті аймақта қырылуына әкеліп соқты. Енді ветеринарлық қызмет тиісті сынамаларды алады деп күтеміз", - делінген облыс белсенділері хабарламасында.

Былтыр 7 қарашада Маңғыстау облысында жұрт алдында сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев Қаракөл көлінің тағдырына алаңдайтынын айтты. Оның айтуынша, Маңғыстау өңірінің ерекше көрікті жері – жасанды Қаракөл көлі. Көп қоныс аударатын құстар осында тоқтайды, олардың кейбіреуі "Қызыл кітапқа" енгізілген. Мысалы, соның ішінде қызғылт қоқиқаздар бар.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Алматыда жаңа саябақ салу үшін жер телімдері мемлекет меншігіне өтеді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді