Түркістан облысында күдікті педофил ұсталды

Сурет: polisia.kz
Жетісай ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, өзінің кәмелет жасына толмаған қызына көршісі зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ПД мәліметінше, аталған жайт бойынша оқиға орнында жедел тергеу тобы барлық жедел шараларды атқарды. Сонымен қатар бірқатар сот-сараптамалары тағайындалды.

Бүгінгі таңда ҚР ҚК-нің 122-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұл жайт Түркістан облысы ПД басшылығының тікелей бақылауына алынды. 

Айта кетсек, Қазақстанда балалар мен жеткіншектерді көбіне өз туыстары мен таныстары зорлайтыны хабарланған болатын. 

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады