Қостанай облысының кей аудандарында санитарлық шектеулер енгізілді

Сурет: Zakon.kz
Қостанай облысындағы Ұзынкөл, Сарыкөл және Қарабалық ауданында санитарлық шектеулер енгізілді.

Бұған 300-ден астам ірі қарадан бруцеллез анықталуы себеп болып отыр. Енді бұл өңірлерге малды сырттан әкелуге, не шығаруға тыйым салынған.

Ал бойынан індет белгісі табылған түлік 15 күн ішінде арнайы цехтарда сойылады, деп жазады qazaqstan.tv.

Қазір ауру тараған елді мекендерде эпизоотияға қарсы республикалық жасақ зарарсыздандыру жұмысын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар осы аудандардағы барлық ірі қарадан екі рет қан сынамасы алынады.

"Осы екі қайтара тексеру кезінде бірді-бір малдан бруцеллез таяқшасы табылмаса, ветеринар мамандар жергілікті әкімдіктерге шектеуді алып тастау туралы ұсыным береді. Сол ұсынымға сәйкес әкімдер шектеудің күшін жою туралы шешім шығара алады." Айнагүл Кушубенова, ветеринария басқармасы басшысының орынбасары

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды