Талдықорғандағы білім басқармасынан 2 млрд теңге ұрланған: бөлім басшысы ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жетісу облысы бойынша Талдықорған қалалық білім бөлімінің басшысына қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, басқарма басшысы Білім басқармасындағы бюджет қаражатын жымқыру фактілерін жасырғаны үшін қарамағындағылардан 280 миллион теңге көлемінде ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді.

Сот санкциясымен күдікті қамауға алынғаны атап өтілді.

"Өз кезегінде, пара беруге жол берген адамдар - аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша негізгі айыпталушылар және сот санкциясымен қамауда отыр".Антикораның баспасөз қызметі

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Күдіктілерге қатысты соңғы үкімді олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, сот шығарады. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сай, тергеу мүддесіне сай өзге де ақпарат таратуға жатпайды, деп қосты баспасөз қызметі.

Бұл ретте, Конституцияның 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, әр адам оның қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі сот үкімімен анықталғанға дейін кінәсіз деп танылады.

2023 жылдың 19 сәуірінде Талдықорғанда миллиардтарды жымқырды деген күдікке ілінген білім бөлімінің қызметкерлері ұсталып, қамауға алынғаны хабарланған еді. Жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, алдын ала келтірілген шығын - шамамен 2 миллиард теңге. Іс бойынша айыпталушыларға тиесілі 29 жылжымайтын мүлік объектісіне, қымбат көліктерге арест қойылған.


Қазақстан Талдықорған
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: