Ақмола облысында алтын сататын дүкенді тонағандардың қулығы көпті таң қалдырды

Сурет: pixabay
Таңғы сағат 4:30-да дүкеннің дабылы іске қосылған. Күзет қызметі 4 минутта оқиға орнына келіп жетіпті. Бірақ дүкеннің есігі жабық, маңайы тып-тыныш болған. Нысан иесі қоңырауға жауап бермепті. Содан күзетшілер кері қайтқан. Ал таңертең дүкеннің тоналғаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сөйтсе, жертөле арқылы кірген ұрылар баспалдақтың астынан еденді адам сиятындай етіп ойыпты. Сол арқылы ішке еніп, алтын бұйымдарды түк қалдырмай тонап кеткен. Полиция күдіктілерді жер-көктен іздеп таппай жатыр. Бейресми ақпарат бойынша, шығын көлемі 150 миллион теңгеден асады, деп хабарлайды КТК

"Степногор полициясына зергер бұйымдары сататын дүкен тоналғаны жайында хабар келіп түскен.ҚР ҚК 188-бабының 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр".Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Әсем Әбдірахманова
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды