Қарағанды ​​облысы полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Қарағанды ​​облысының полиция департаментінің бұрынғы басшысы Ерлан Файзуллиннің орнына Санжар Әділов келді. Қарағандыда оны ішкі істер министрі Марат Ахметжанов облыстық полицияның жеке құрамына таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Санжар Әділов Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы болып Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімімен тағайындалды.

Министр жаңа бастықтың бірқатар жауапты лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мен жоғары кәсіби шеберлігін атап өтіп, жаңа жұмыс орнында жетістіктер тіледі. Сондай-ақ министр осыған дейін департамент бастығы болған Ерлан Файзуллинге атқарған жұмыстарына алғыс білдіріп, Қостанай облысындағы жаңа жұмыс орнына сәттілік тіледі.

"Қарағанды облысы полициясының басшылығы мен жеке құрамының алдында полиция жұмысының адамға бағытталған моделіне көшу, проблемаға бағдарланған тәсіл мен сервистік элементтерді енгізу, қағазбастылықтан арылуды жалғастыру, сондай-ақ қызметті цифрландыру бойынша міндеттер жүктелді".ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Сонымен қатар тергеудің жаңа нысандарына, енгізілген заңнамалық түзетулерге оның ішінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы жұмыстың дайындығына баса назар аударылды.

Министр Қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасының бағыттарының бірі ретінде жүйеішілік өзгерістерге жеке тоқталды.

Атап айтқанда, сотқа дейінгі процесті оңтайландыру, кадр саясатын қайта қарау, ішкі конкурстық іріктеуді енгізу негізінде қызметкерлерді ілгерілету тәртібі, қызметкерлердің жұмыс жағдайларын жақсарту, материалдық-техникалық жарақтандыруды нығайту жөніндегі шаралар.

Санжар Әділов  Әскенұлы 1977 жылы 26 қыркүйекте Алматы облысы Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында дүниеге келген.

Білімі – жоғары.

Еңбек өтілі:

Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалғанға дейін ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы қызметін атқарған.

Қарағанды
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: