Қарағандыны сасық түтін басты

Өрт, Қарағанды, құрғақ шөп, сасық иіс, Әлихан Бөкейхан ауданы, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2026 17:03 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Бүгін, 10 қыркүйекте Қарағанды қаласы, Әлихан Бөкейхан атындағы ауданның "Восток" шағын ауданындағы Сахалин учаскесінде бұталар мен құрғақ шөп өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның иісі қаланы жайлаған. Қарағанды облыстық ТЖД мәліметінше, қазір 7 гектар аумақты қамтыған өрт толық сөндірілді.

"Өртті сөндіруге Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 29 қызметкері мен 6 бірлік техникасы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың 6 қызметкері мен 2 бірлік техникасы жұмылдырылды", делінген хабарламада.

Құтқарушылар желдің бағытына байланысты күйік иісі қаланың әртүрлі аймақтарына таралуы мүмкін екенін ескертеді. Осыған байланысты тұрғындарды сабырлы болуға және өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға шақырады.

Бұған дейін Қарағанды облысындағы дала өртінен екі адам зардап шеккенін жазғанбыз. Бұл - тамыз айында болған жағдай.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: